Ақтөбеде белгілі тұлғаға қарсы іс қозғалды

460

Тергеу мүддесі үшін мән-жайлар ресми жарияланбай отыр.

Ақтөбеде белгілі тұлғаға қарсы іс қозғалды

Ақтөбеде облыстық мәслихат депутаты Аркадий Ни "Нұр Отан" партиясының қатарынан шығарылды. Бұл жөнінде партияның облыстық филиалының баспасөз қызметі: "Ақтөбе облысы мәслихатының депутаты Аркадий Ниді заңсыз іс-әрекеттерді жасады деген күдікпен ұстау фактісі бойынша біз сіздерге "Нұр Отан" ХДП партиялық бақылау комиссиясы Арқадий Ниді "Нұр Отан" партиясының билетінен айыру туралы мәселені қарауды облыстық филиалдың саяси кеңесі бюросына ұсынды", - деп хабарлаған болатын.

Кейін саяси кеңестің облыстық бюросының қаулысымен ол жетекші партия қатарынан шығарылған. 

Ал облыстық полиция департаменті күдіктіге байланысты әзірге "жеке тұлғаға қарсы қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін Ақтөбе қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық істі тергеуде. Қазіргі уақытта күдікті ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 128-бабының тәртібімен Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабына сәйкес өзге де ақпараттар  жария етуге жатпайды" деген мәлімет таратумен шектеліп отыр. 
Алайда, қазіргі күні депутаттың әрекетіне байланысты кейбір жайлар әлеуметтік желілер арқылы тарап кетіп отыр. "Шенеунік.кз" телеграм-чатында Нидің 16 жасқа толмаған қызбен жыныстық қарым-қатынаста болғаны айтылады. Ол кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімнің анасына материалдық көмек ретінде ақша беріп тұрған. 

1961 жылы туған Аркадий Ни – аймақта белгілі тұлға болып саналады, ол - ірі бизнес иесі, сонымен қатар, Қазақстан кәрістері ассоциациясының жергілікті филиалы басшылығының мүшесі және "Қазақстан теннисінің федерациясы" РОО филиалының директоры. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу