Ақтөбеде бір күнде 2 бала терезеден құлап кетті

149

Абырой болғанда, екеуі де аман қалды. 

Ақтөбеде бір күнде 2 бала терезеден құлап кетті   Фото: belstu.by

Ақтөбе қаласы Есет батыр тұрғын алабында 6 жастағы бала екінші қабаттан құлап түсті. Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласында 4 жасар бала үшінші қабаттан құлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Екі жағдайда да балалар бір сәтке ересектердің назарынан тыс қалып, терезедегі шыбын-шіркейге қарсы торды итеріп қалып, құлаған. Қуанышқа қарай, балалардың денсаулығына зиян келген жоқ, – деді  Ақтөбе облыстық полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Руслан Наурызбаев.

 Полиция ата-аналарды сақ болуды ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу