Ақтөбеде зейнеткерлердің атына несие рәсімдеген банк менеджері ұсталды

313

Қазіргі уақытта 6 жәбірленуші анықталды.

Ақтөбеде зейнеткерлердің атына несие рәсімдеген банк менеджері ұсталды Фото: fingramota.kz

Ақтөбеде зейнеткерлердің атына несие рәсімдеген банк менеджеріне қатысты тергеу басталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Полиция органдарына бірнеше егде жастағы азамат өздерінің атына белгісіз тұлғалар тарапынан несие рәсімделгені туралы арызбен жүгінген.

"Тергеу іс-шаралары барысында банктердің бірінің менеджері несие бойынша төлем операцияларын жүргізу сылтауымен клиенттердің хабарынсыз қарыз рәсімдеп, олардың шоттарынан ақшалай қаражатты шешіп алғаны анықталды", – деп хабарлады полиция департаменті.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу