Ақтөбеде биыл бір миллионнан астам тал отырғызылады

613

Ақтөбеде биыл бір миллионнан астам тал отырғызылады

Ақтөбеде жыл соңына дейін 1 миллион 100 мың тал отырғызылмақ, деп хабарлайды "Тілші".

Сазды ауылы мен Әуежай аумағы арасында 1000 гектар алқапқа 1 миллионнан астам тал егіледі. Тек қарағаштар емес, Ақтөбеде жерсінетін өзге ағаш түрлері пайда болады.

Қаз-қатар тізілген талдар "Ақтөбе" деген жазуды бейнелемек. "Ұшақпен ұшып бара жатып, төменге қарағанда, қаланың атауы көрінбек", — дейді идея авторлары.

Айта кетейік, бүгін аталған алқапта облыс басшысы Бердібек Сапарбаев болып, дайындық жұмыстарымен танысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу