Ақтөбеде боранға байланысты әуе рейстері кейінге шегерілді

302

Әлия Молдағұлова атындағы Ақтөбе халықаралық әуежайы баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін 10 рейс ұшып-қонуы тиіс болатын. 

Ақтөбеде боранға байланысты әуе рейстері кейінге шегерілді Фото: Ақтөбе халықаралық әуежайы баспасөз қызметі

Ауа райына байланысты бәрі уақытша тоқтап тұр.

"Қазіргі кезде 4 рейс тоқтап тұр. Олар: FlyArystan әуе компаниясының Алматы – Ақтөбе – Алматы, Qazaq Air компаниясының Астана – Ақтөбе – Атырау, SCAT компаниясының Астана – Ақтөбе – Астана, Qazaq Air компаниясының Атырау – Ақтобе – Астана рейстері. Тоқтау себебі – метеожағдайға байланысты", - деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу