Ақтөбеде дәмханада ұйықтап қалған адамның телефонын ұрлаған күдікті ұсталды

289

Тергеу мәліметінше, дәмханаға келуші алкогольдік ішімдік ішкеннен кейін үстел басында ұйықтап қалған.  

Ақтөбеде дәмханада ұйықтап қалған адамның телефонын ұрлаған күдікті ұсталды Фото: polisia.kz

Мас адамның ұйықтаған сәтте күдікті оның жанындағы үстелде жатқан телефонды жасырын алып, оқиға орнынан кетіп қалған, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны бөлімшеге жеткізді.

Аталған дерек бойынша ұрлық фактісімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Полицияның мәліметінше, жыл басынан бері Ақтөбе облысында ұялы телефон ұрлығының 117 дерегі тіркелген.

Осыған байланысты тәртіп сақшылары азаматтарды жеке мүлкіне мұқият болуға шақырады. Полиция қоғамдық орындарда телефонды қараусыз қалдырмауға, көзге түсетін жерге қоймауға, алкогольді шамадан тыс тұтынбауға, телефонды жабылатын сөмкеде немесе ішкі қалтада сақтауға және мүлік жоғалған жағдайда дереу полицияға хабарласуға кеңес береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу