Ақтөбеде дөнерхана өртеніп, тұрғын үйден 14 адам эвакуацияланды

358

 Өрт кезінде құтқарушылар 6 баланы қауіпсіз жерге шығарды.  

Ақтөбеде дөнерхана өртеніп, тұрғын үйден 14 адам эвакуацияланды Фото: sb.by

Ақтөбе қаласында көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан дөнерханада өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға салдарынан тұрғын үйден 14 адам, оның ішінде 6 бала эвакуацияланды.

Өрт Алматы ауданындағы Әйтеке би көшесінде орналасқан үш қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы қоғамдық тамақтану орнында болған.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері жедел жетті. Барлау барысында дөнерхананың үй-жайы өртеніп жатқаны анықталды. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құтқарушылар оларды баспалдақ арқылы сыртқа шығарды.

Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекетінің нәтижесінде өрт шағын аумақта сөндірілді. Түтін басқан аймақтан барлығы 14 адам, оның ішінде 6 бала қауіпсіз жерге эвакуацияланды.

Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу