Ақтөбеде экс-шенеунік кезекте тұрмағандарға пәтер беруді ұйымдастырған

246

Кінәлі тұлға 7 жылға бас бостандығынан айырылды.  

Ақтөбеде экс-шенеунік кезекте тұрмағандарға пәтер беруді ұйымдастырған Фото: tildacdn.com

Ақтөбе облысы прокуратурасымен мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді заңсыз беру схемасына жол берілмеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бас прокуратураның хабарлауынша, "Ақтөбе қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" ММ-нің бұрынғы басшысы лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалана отырып, кезекте тұрмаған тұлғаларға пәтер бөлуді ұйымдастырған.

Тізімге заңсыз 15 азаматтар енгізілген.

Схема бойынша бастапқыда тұруға жарамсыз тұрғын үйлерді беріп, кейін оларды жайлы пәтерлерге ауыстырып, тұрғын үй комиссиясымен заңсыз шешімдер қабылдау арқылы жүзеге асырылған.

"Пәтерлер жекешелендірілген және сатылған, бұл пайдакүнемдік ниетін растайды. Осы жылдың 29 сәуірінде Ақтөбе қаласының №2 сотының үкімімен кінәлі тұлға 7 жылға бас бостандығынан айырылды", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу