"Емхананың атын жамылған": Ақтөбеде алаяқтар зейнеткерді 750 мың теңге тақырға отырғызды

324

70 жастағы зейнеткер телефон арқылы алаяқтардың арбауына түскен.  

"Емхананың атын жамылған": Ақтөбеде алаяқтар зейнеткерді 750 мың теңге тақырға отырғызды Фото: digitalbusiness.kz

Тергеу мәліметінше, белгісіз тұлғалар әйелге WhatsApp мессенджері арқылы хабарласып, өздерін емхана қызметкерлері ретінде таныстырған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Олар медициналық қызметтерді пайдалану үшін қайта тіркеуден өту қажет екенін айтып, жәбірленушінің телефонына келген SMS-хабарламадағы растау кодын сұратқан.

Біршама уақыттан кейін зейнеткерге өздерін eGov порталының және банк қызметкерлерінің өкілдері ретінде таныстырған адамдар қоңырау шалған. Олар алаяқтардың әйелдің банк шоттарына қол жеткізуге әрекет жасап жатқанын айтып, қаражатын "қауіпсіз сақтау" үшін өздерінің нұсқауларын орындауға көндірген.

Алаяқтардың сөзіне сенген зейнеткер олардың барлық талаптарын орындап, нәтижесінде 750 мың теңге көлеміндегі ақшасынан айырылған.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу