Ақтөбе облысында жігіт қыздың үйіне балконнан кіріп пышақтап өлтіріп кеткен

7702

Қоғам белсендісі Дина Таңсәрі Facebook-тегі парақшасында Ақтөбе облысында эндокринолог қызды белгісіз ер адам өлтіріп кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

Ақтөбе облысында жігіт қыздың үйіне балконнан кіріп пышақтап өлтіріп кеткен Фото: Дина Таңсәрінің Facebook парақшасынан

Дина Таңсәрі полиция департаменті "Адам өлтіру" дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастап кеткенін айтады.

"Қыз - эндокринолог. Мамандығын 9 жыл оқыған. Белгісіз бір жігіт оның артынан аңдыған. Кеше балконнан шығып, қызды пышақтап кеткен. Туыстарының айтуынша, ол қыздың көлігін ұрлап әкетіп, артынша жол-көлік апатына түскеннен кейін ұсталған. Отбасы мен жақындарына көңіл айтамыз. Иманды болсын", - деп жазды қоғам белсендісі өзінің фейсбук парақшасында.

Ақтөбе облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрбол Тымпиевтің айтуынша, қаза болған әйел - дәрігер. Ол еңбек демалысында болған.

"Әйел адамның пышақ жарақаттары түріндегі зорлық-зомбылықпен өлтіру белгілері бар мәйіті табылды. Ұстау кезінде күдікті қарсылық көрсетіп, полиция қызметкерін жарақаттап, оқиға орнынан көлікпен қашып кеткен. Қудалау кезінде күдікті бірнеше автокөлікті соғып, Ақтөбе-Болгарка жолында аударылды. Күдікті ұсталды", - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу