Ақтөбеде ер адамды автокөліктің жүксалғышына күштеп салған күдікті топ ұсталды

517

Күдіктілер жедел іздестіру кезінде қолға түсті.  

Ақтөбеде ер адамды автокөліктің жүксалғышына күштеп салған күдікті топ ұсталды Фото: Видеодан скриншот

Ақтөбеде адам ұрлағандардың әрекеті өзге көліктің бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ақтөбе тұрғыны көз алдында болған жағдайды 102 нөміріне жеткізді. Ер адамды жүксалғышқа күштеп отырғызған сәт көліктегі бейнебақылау камерасына да түсіп қалған. 

Арнайы мақсаттағы бөлімше жауынгерлері мен полиция қызметкерлері жедел әрекетке көшіп, Lexus автокөлігін тоқтатып, оларды ұстады.

– Оқиғаға жол үстіндегі жанжал себеп болған. Ақтөбелік жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан сәтте жүргізушінің әрекетіне ескерту жасаған. Осыдан кейін олардың арасында ұрыс-керіс болды. Кейін күдіктілер жәбірленушінің үйінің маңына келіп, оның үйінен қайта шығуын күткен. Таксиге отыра берген сәтте жолын бөгеп, тоқтатады. Артынша жәбірленушіні таксиден күштеп шығарып, Lexus автокөлігінің жүксалғышына салып әкеткен, – деп хабарлады Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Адам ұрлау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу