Ақтөбеде қоқыс алаңынан ер адам өлі табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Полиция департаменттің мәліметінше, мәйіт табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалған.
"Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу және жедел іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді", – деп жазылған хабарламада.
БАҚ-та марқұм 55 жастағы ер адам екені жазылып жатыр. Куәгерлердің айтуынша, сөмкеге салынған мәйіттен иіс шыққан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу