Ақтөбеде ерекше балалардың қауіпсіздігі үшін 1 400 GPS-трекер сатып алынды

94

Трекер аутизм диагнозы бар балаларға арналған. 

Ақтөбеде ерекше балалардың қауіпсіздігі үшін 1 400 GPS-трекер сатып алынды Фото: Ақтөбе облысы әкімдігі

Сатып алуға бюджеттен 30 млн теңгеге жуық қаржы бөлінді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақтөбе облыстық білім басқармасы мен облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес мекемесі аутизм диагнозы бар барлық балаға трекер сатып алды. Бұл құрылғыны баланың мойнына тағуға немесе киіміне қадап беруге болады.

Ата-анасы алдын ала бала жүруі тиіс аймақты белгілеп, бағдарламаға енгізеді. Бала сол аймақтын шығып кетсе дабыл жүйесі іске қосылады. Бала да түймені басып, ата-анасына хабар береді.

— Құрылғы баланың қай жерде жүргенін бақылауға, төтенше жағдай кезінде жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. GPS-трекерлерде SOS батырмасы бар. Геоаймақты көруге болады, қайда болғанын архивтен қарайды. Сонымен қатар құрылғы жеңіл, балаға ыңғайлы және батареясы ұзақ уақытқа жетеді. Олар баланың балабақшаға, мектепке барар жолын қарап, серуендегенде және сапарда бақылауға мүмкіндік береді, - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу