Ақтөбеде ет бағасы қымбаттады

3737

Ақтөбеде ет бағасы қымбаттады

Ақтөбе қаласында еттің бағасы көтерілді. Желтоқсан айында сиыр етінің келісі 1100  теңгеге сатылса, қазіргі күні  коммуналдық базарда 1200-1300 теңгеден сатылып жатыр. Жылқы етінің келісі — 1500 теңге.

Ақтөбе қалалық кәсіпкерлік бөлімі басшысының орынбасары Арман Алдабергеновтың айтуынша, жергілікті билік бағаны тұрақтандыруға күш салған..

"Ет бағасының өсуіне негізгі себеп — Алға ауданындағы ірі жеткізуші "Актеп" шаруашылығындағы малдардың маусымдық төлдеуі болып отыр. Осы жағдай тұрақталғанша облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы арнайы кесте бекітті. Кестеге сәйкес аудандардағы "Наурыз СИМ", "Жантізер", "Рейімқұл" секілді ірі шаруашылықтар  "Табыс" коммуналдық базарына күніне бес ірі қара жеткізеді. Нәтижесінде соңғы жеткізушіге дейінгі еттің бағасы 1150 теңге болады", - деді ол.

Сонымен қатар баға тұрақтанғанша, шаруа қожалықтары кезекпен ірі қараның етін әкеліп отырады. Және қаладағы әлеуметтік маңызы бар азық-түліктерге мониторинг жүргізіледі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу