Ақтөбе қаласының Алматы ауданындағы Ақжар көшесінде орналасқан автогаз құю станциясында өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Алдын ала мәлімет бойынша, жер үсті резервуарларының бірінде газ-ауа қоспасының жарқ етуі салдарынан жалын тұтанып, екінші цистернаға, тұрақта тұрған газ тасымалдаушы көлікке және операторлық ғимаратқа таралған.
Оқиға орнына жедел жеткен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі құтқарушылары жоғары қауіп жағдайында жұмыс істеп, қайталама жарылыстардың алдын алды және өрттің одан әрі таралуына жол бермеді. Кәсіби әрекеттердің нәтижесінде жалын толықтай сөндірілді.
Зардап шеккендер туралы ақпарат тіркелген жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу