Ақтөбеде иттер баланы талап өлтірді

1010

Ақтөбеде қыдыруға шыққан баланы иттер талап тастаған, деп хабарлайды orda.kz сайтына сілтеме жасаған inbusiness.kz.

Ақтөбеде иттер баланы талап өлтірді

Есет батыр ықшамауданында кешке қарай серуенге шыққан 12 жастағы Мадияр Шәкірат жоғалып кеткен. Оның құр сүлдері қалған денесі кейінірек табылды. Басының, денесінің  жоғарғы және төменгі жақтарында көптеген ашық жарақат болған.

"9 маусымда Есет-Батыр тұрғын алабындағы №3 ықшам ауданда салынып жатқан нысандардың бірінің аумағынан 12 жастағы баланың мәйіті табылды. Жас балаға қатысты Жедел қан жоғалту түріндегі зорлық-зомбылық өлім белгілерімен, басының, денесінің, үстіңгі және төменгі аяқ-қолдарының бірнеше рет жыртылуы, жануардың тістеуінен болған қылмыстық іс қозғалды", – деп хабарлады Ақтөбе облысының полиция департаменті.

Бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Дәл осы ауданда шамамен екі апта бұрын бір топ иттер 13 жастағы қыз баланы талап тастаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу