Ақтөбеде қайтыс болған адамдарға ай сайын зейнетақы аударылып келген

951

Ақтөбеде қайтыс болған адамдарға ай сайын зейнетақы аударылып келген

Прокуратура Ақтөбеде қайтыс болған адамдарға ай сайын зейнетақы аударылудың 20-ға жуық дерегін анықтап, арнайы мекемелермен байланыс орнатты, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

"Ішкі істер органдары жыл сайын "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясының облыстық филиалына тексеру жүргізеді. Сол кезде қайтыс болған адамдардың зейнетақысын ай сайын алып отырған адамдар анықталды. Бұл адамдардың қайтыс болғаны туралы анықтаманы дер кезінде тапсырмауы салданынан туындаған қателік. Енді Ішкі істер органдары мен "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясының облыстық филиалы апта сайын ақпарат алмасады", — деді Ақтөбе облыстық прокуратураның аппарат жетекшісі Жасұлан Дәулембаев.

Айта кетейік, ай сайын зейнетақы алып отырғандардың кейбірі 500 мың теңге жұмсап үлгерген. Олар заң бойынша ақшаны кері қайтаруға тиіс. Зейнетақы алып отырғандардың кейбірі қателікті анықтап, хабарлама берсе, кейбірі 6 ай бойы ақшаны өз пайдасына жаратып келген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу