Ақтөбеде қала маңындағы 10 учаскені су басты: тұрғындар эвакуацияланып жатыр

515

Қазір құтқарушылар тұрғындарды эвакуациялап жатыр.    

Ақтөбеде қала маңындағы 10 учаскені су басты: тұрғындар эвакуацияланып жатыр Фото: Видеодан скриншот

Ақтөбеде 30 наурызда Қарғалы өзені деңгейінің көтерілуіне байланысты Қарғалы бағбандық бригадасының 10 саяжай учаскесін су басты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ақтөбе қаласының әкімі Мұрат Жүребеков су тасқынына қарсы шараларды шұғыл тексерді.

"Уақытша эвакуациялау пунктіне жеті саяжайдың тұрғындары, барлығы 35 адам эвакуацияланды. Оқиға орнына 80 адам, 12 арнайы техника жұмылдырылған. Олар қаптарды төсеп жатыр", - деп хабарлады Ақтөбе әкімдігінің баспасөз қызметі.

Әкімнің айтуынша, жағдай тұрақты бақылауда.

27 наурызда су тасқыны Ақтөбе облысының солтүстік бөлігіне жеткені хабарланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу