Ақтөбеде қаласын "ақылды шамдар" жарықтандырмақ

838

Қазір жобалық-сметалық құжаттар жасалып жатыр.

Ақтөбеде қаласын "ақылды шамдар" жарықтандырмақ

Ақтобе қаласының көшелерінде биыл "ақылды шамдар" пайда болуы мүмкін. Олар тоқ күшін үнемдеп, қашықтықтан басқаруға мүмкіндік береді. Биыл қаланың ішіндегі 350 көшеде, яғни 9 мың нүктеде осындай жарықтандыру жүргізілмек. Тағы да айта кететіні, "ақылды шамдар" кешқұрым қараңғы түсе өздігінен жанатын болады. Онда да ол алдымен жарықты 100 пайыз беріп тұрады да, көшеде автобустар тоқтап, көліктер мен адамдар саябырсыған кезде жарығын 30 пайызға азайтады. 

"Қазір жарық жүргізілмеген көшелерді қамту үшін есебін алып, жобалық-сметалық құжаттарын жасап жатырмыз. Бұл жобаға бағана, шам, жарықты үнемдеуді қамтамасыз ететін құрылғы да кіреді. Бұл құжаттарды сәуір айында бітіріп, сараптамаға береміз, содан кейін оны жүргізуге байқау жарияланады", - дейді қала әкімінің орынбасары Қуандык Қасымов.

Жарықтандыру мәселесімен арнайы құрылатын диспетчерлік қызмет айналыспақ. Оған байланысты сұрақтар мен арыз-шағымдар да сол жерде қабылданады. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу