Ақтөбеде қалың қар шатырдан құлап, кіреберіс қалқасын қиратқан

100

Желіде бейнежазба тарады.

Ақтөбеде қалың қар шатырдан құлап, кіреберіс қалқасын қиратқан Фото: Бейнежазбадан

Ақтөбеде көпқабатты үйдің шатырынан құлаған қар кіреберіс есіктің қалқасын қиратты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Оқиға орнынан түсірілген бейнежазба желіде таралды. Бейресми ақпаратқа сәйкес, оқыс жағдай қаладағы 11-інші шағын ауданның №82 үйінде болған. Күннің күрт жылынуына байланысты қалың қар шатырдан құлап, кіреберіс қалқасын қиратқан. Абырой болғанда, кіреберіс алдында ешкім болмаған.

Осыдан екі күн бұрын Ақтөбе қаласының әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарына маңызды үндеу жасаған болатын.

"Ауа райының жылынуына байланысты көп қабатты үйлер мен ғимараттардың шатырларына қатқан мұздақтар еріп түсіп жатыр. Ғимараттардың меншік иелері, КСК, ОСИ төрағалары шатырлардан салбырап тұрған мұздарды түсіруді шұғыл қолға алулары қажет. Балаларға ғимараттардың маңынан өткенде сақ болу керектігін, әсіресе шатырларынан мұз түсуі мүмкін жерлерде ойнауға болмайтынын ескерткен жөн", – делінген хабарламада.

Тұрғындарға ғимараттардың маңынан өткенде сақ болып, автокөлікті қауіпті жерлерге қоймау ұсынылды. Сонымен қатар қатқан мұздары салбырап тұрған шатырларға жақын тұрмаған жөн.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу