Ақтөбеде карантин жарияланады

488

Қала маңындағы тұрғындар алқабында қой-ешкіден күлшешек шыққан. 

Ақтөбеде карантин жарияланады Фото: Inbusiness.kz

Облыстық ветеринарлық басқармадағыларға  малдың ауырғаны туралы ақпарат  жиырма бесінші қыркүйек күні түскен.

"Садовое тұрғындар алқабындағы тұрғындар малын жайылымға бағады. Сол жерде екі бас қойдың ауырғаны туралы хабарлады.  Мал дәрігерлері барып биосынама алып, зертханаға тапсырды. Бүгінгі күні олардың күлшешек індетіне шалдыққаны анықталып отыр. Қазір аталған аумақта карантин жариялау туралы  ұсыныс айттық. Қала әкімінің шешімінен  соң жарияланады",- деді облыстық  ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Бердімұрат Бекжанов.

Карантин 20 күнге созылады. Осы уақыт ішінде ауылға сырттан мал кіргізілмейді және шығарылмайды. Малды жайылымға жіберуге шектеу жоқ. Мамандардың айтуынша, карантин кезінде міндетті екпе жұмыстары жүріп, қора-қопсының бәрін дезинфекциялайды. Бұл – өте жұқпалы ауру. Малға ауадан, теріден жұғуы мүмкін дейді.

Ұсақ малдан індет шыққаннан кейін ауылдықтар қорқып қалған. Енді мүйізді ірі қараға тарала ма деп алаңдайды. Қазір ұсақ малды күлшешекке қарсы ексе, мүйізді ірі қараны бруццелез, сібір жарасына қарсы вакциналап жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу