2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

Ақтөбеде кәсіпкер 11 млн литрден астам пеш отынын заңсыз сатқан

227

Шикізат ретінде пайдаланылған майлар, мұнай шламдары және құрамында мұнай бар өзге де қалдықтар қолданылған. 

Ақтөбеде кәсіпкер 11 млн литрден астам пеш отынын заңсыз сатқан Фото: Бейнежазбадан

Ақтөбе облысында "Kazenergy" жеке кәсіпкерлігінің басшысы заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырғаны үшін 3 жыл 9 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тергеу деректеріне сәйкес, сотталған адам аумағы 10 мың шаршы метр өндірістік базада қауіпті қалдықтарды заңсыз өңдеуді және пеш отынын өндіруді ұйымдастырған.

Шикізат ретінде пайдаланылған майлар, мұнай шламдары және құрамында мұнай бар өзге де қалдықтар қолданылған. Олар нафтамен араластырылып, айналым әдісімен өңделген.

Алайда кәсіпкерге қауіпті қалдықтарды өңдеуге, залалсыздандыруға және кәдеге жаратуға қажетті лицензия мен экологиялық рұқсат берілмеген.

Нәтижесінде 11 миллион литрден астам пеш отыны сатылып, қылмыстық жолмен 778 миллион теңге табыс алынған.

Сонымен қатар сот оның мүлкін, соның ішінде өндірістік нысанын, автокөліктерін және банк шоттарындағы ақшасын тәркіледі.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу