banner

Ақтөбеде кәсіпкер әйелдерге арналған форум ұйымдастырылды

1029

Ақтөбеде кәсіпкер әйелдерге арналған форум ұйымдастырылды

Ақтөбеде 4 мыңнан астам шаруа қожалығы болса, оның 700-ге жуығына нәзікжандылар жетекшілік етеді, деп хабарлайды 24Хабар.

Өңірдегі жеке кәсіпкерлердің 55%-ы іскер әйелдер. Қазір ауылдағы кәсіпкерлікті дамытып, әкімшілік кедергілерді жою – басты мәселе. Осы ретте облыстық кәсіпкерлер палатасы арнайы форум ұйымдастырып, 200 кәсіпкер әйелдің басын қосты.

Облыс орталығына ең шалғай жатқан Ырғыз ауылының кәсіпкері Ботагөз Есентаева көрмеге қолөнер бұйымдарын алып келген. Көпбалалы ана бірнеше жыл бұрын шағын кәсібін ашып, тұрғындардан тапсырыс ала бастапты. Жергілікті билік бизнес-инкубатордан  орын бөліп, аяқтан тұрғанша жәрдем берген. Ботагөз жақында өз шеберханасын ашқалы жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу