Ақтөбеде кәсіпкерден 7 млн теңге бопсалаған күдікті ұсталды

127

Күдікті бұрын сотталған.  

Ақтөбеде кәсіпкерден 7 млн теңге бопсалаған күдікті ұсталды Фото: polisia.kz

Ол кәсіпкерді қорқытып, ірі көлемде қаражат талап еткен, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жедел іс-шаралар нәтижесінде күдікті ақшаның 2 миллион теңге көлеміндегі алғашқы бөлігін алған сәтте қолға түсті.

Тергеу барысында ол кәсіпкерге ұзақ уақыт бойы қысым көрсетіп, жалпы 7 миллион теңге талап еткені анықталды. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 194-бабы (Бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу