Ақтөбеде кәсіпкерлікті дамытуға 4,8 миллиард теңге жұмсалмақ

873

Ақтөбеде кәсіпкерлікті дамытуға 4,8 миллиард теңге жұмсалмақ

Ақтөбеде "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында мектеп, балабақшалар салынып, инфрақұрылым желілері жаңғырып жатыр. Ауылға ауыз су жеткізіліп, газ құбыры тартылды. Ал қаржының тиімді жұмсалуын "Нұр Отан" партиясының депутаттық фракциясы бақылап отыр деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша өңірде бірқатар жұмыс атқарылып жатыр. Өңірдегі 26 жобаға барлығы биыл 16 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. Оның 4 миллиард теңгеден астамы бес айда игерілді.

"Әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту бағыты бойынша 16 нысанның құрылысы қолға алынды. Бұл бағытқа барлығы 13 миллиард теңгеден астам қаржы бөлініп, осы жылы 11 мектепті пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Ал бес жобаның құрылысы келер жылы аяқталады. Өткен жылмен салыстырғанда әлеуметтік сала құрылысына биыл қаржы көп бөлініп отыр. Ал жылу, су және кәріз құбырын жаңартуды несиелендіру бойынша он жоба қол алынды. Биыл 110 шақырымдық су және кәріз құбырын жаңарту жоспарда бар",- Ақтөбе облыстық қаржы басқармасының басшысы Гүлқасима Сүйінтаева.

Ал "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыруға 4,8 миллиард теңге қарастырылған. Қазіргі күні техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету бағыты бойынша 1085 адамны нарыққа бейімдеп, қайта оқуға жіберіледі. Өңірде 600-ден астам адам қысқа мерзімді курстарда білім ала бастады. Олардың көбі аудан, ауылда жүрген жұмыссыздар.

"Біз жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша кадр дайындауды жөн санаймыз. Қазіргі уақытта оқыту процесінің теориясына емес, тәжірибеге көп көңіл бөліп отырмыз. Маман дайындауда шеберлердің біліктілігіне мән береміз. Олар бар жиған-тергенін тәлім алушыларға беріу тиіс. Жұмыспен қамту орталығының міндеті - оқуды аяқтаған бағдарлама қатысушыларын жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу. Қысқа мерзімді оқуды аяқтаған 203 адамның ішінен 41 адам жұмысқа орналастырылды. Ал "Жаппай кәсіпкерлікті дамыту" бағыты бойынша 88 адам шағын несие алып, "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға жүздеген адам жазылды",- деді Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қайрат Отаров.

Жоспар бойынша "Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту" бағдарламасын іске асыру кезінде жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды құрауы тиіс. Бұл көрсеткіш бірнеше жыл бойы сақталып келеді. "Нұр Отан" партиясының депутаттық фракциясы жиыны кезінде депутаттар бірқатар ескертулер айтып, ұсыныстарын айтты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу