Ақтөбеде кастетке онлайн тапсырыс берген ер адам жазаланды

369

Ақтөбе қаласының №2 сотында суық қаруды заңсыз алып жүру фактісі бойынша іс қаралды.  

Ақтөбеде кастетке онлайн тапсырыс берген ер адам жазаланды Фото: ЖИ көмегімен жасалды

Тергеу мәліметінше, айыпталушы Д-ға қатысты ҚК-нің 287-бабының 1-бөлігі бойынша іс қозғалған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сотталушы ұялы телефонындағы Pinduoduo қосымшасы арқылы құны 1000 теңге тұратын кастетке тапсырыс берген. Кейін компьютерлік клубына қарумен барып, шыққан соң саябақ аумағында Ақтөбе қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлерімен өзімен бірге кастет түріндегі суық қаруды заңсыз алып жүргені анықталған.

Ол өзіне тағылған айыпты толық мойындады.  

Сот ҚК-нің 53-бабына сәйкес, қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде кінәсін толық мойындауын, шын ниетпен өкінуін, бұрын сотталмағанын ескерді.

ҚК-нің 54-бабына сәйкес, қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар сотпен анықталған жоқ.        

Сот үкімімен сотталушы Д. ҚК-нің 287-бабының 1-бөлігмен кінәлі деп танылып, оған 40 сағатқа қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жаза тағайындалды.      

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу