Ақтөбеде қоқыс маңынан табылған ер адамның өлімі: күдікті қолға түсті

146

Қылмыс 12 наурыз күні болған.  

Ақтөбеде қоқыс маңынан табылған ер адамның өлімі: күдікті қолға түсті Фото: Tengrinews.kz

Ақтөбе қаласында қоқыс жиналған аумақтан табылған ер адамның өліміне байланысты күдікті ұсталды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Полицияның мәліметінше, күдікті мен жәбірленуші бірге отырып ішімдік ішкен. Сол сәтте араларында жанжал туындап, күдікті ер адамға бірнеше рет пышақ жарақатын салған.

Құқық қорғау органдары жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалып, іс бойынша жан-жақты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы толық әрі объективті түрде анықталатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу