Ақтөбеде қоқыс полигонындағы өрт 2 тәуліктен кейін толық сөндірілді

160

Дәл қазіргі кезде әлі де су себу жұмыстары жүріп жатыр.   

Ақтөбеде қоқыс полигонындағы өрт 2 тәуліктен кейін толық сөндірілді Фото: Видеодан скриншот

Тұрмыстық қатты қалдық сақтайтын полигондағы өрт 3 қыркүйек күні тұтанды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Ақтөбе қаласы, Астана ауданының өнеркәсіптік аймағында тұрмыстық қалдықтар полигонында өрт оқиғасы орын алды. Секундына 15-18 метр жылдамдықпен соққан қатты желдің әсерінен өртті сөндіру жұмыстары қосымша қиындық туғызған.

Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаменті, "Таза Әлем 12" ЖШС және жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары тартылды. Барлығы жеке құрамнан 70-ке жуық адам және 30-дан аса техника жұмылдырылды. 

Қазіргі уақытта өрттің таралуына жол бермей, топырақпен көму жұмыстары жүргізілуде.

Зардап шеккендер жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу