Ақтөбеде колледжде өрт шығып, екі адам зардап шекті

436

Олардың денесін термиялық күйік шалған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақтөбеде колледжде өрт шығып, екі адам зардап шекті Фото: canva.com

Өрт туралы хабарлама жедел шақырту пультіне кешкі сағат 18:28-де түскен.

Тілсіз жау Ақтөбе гуманитарлық колледжінен шыққан. Оқу орнының ғимаратына жапсарлас салынған нысанда кеңсе техникасы тұтанған деген болжам бар. Өрт 3 шаршы метр аумаққа таралған.

Өрт сөндірушілер баспалдақтың көмегімен 15 адамды қауіпсіз жерге шығарды. Апат салдарынан колледждің екі қызметкері зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді.

"Бір науқастың бетін, басын, арқасын термиялық күйік шалған. 16-18 пайызды құрайды. Екіншісінің де беті, мойнын, тізе тұсын, қолдары күйген. Зардап шеккен екі адам травматология бөлімінде ем қабылдап жатыр. Есін біледі, жағдайлары - бірқалыпты", – деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров.

Қазір мамандар апат неден шыққанын анықтап жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу