Ақтөбеде көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді

1251

Ақтөбеде көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді

ҚР конституциясы күні қарсаңында Ақтөбеде жаңа перспективті "Батыс-2" шағын ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі

Жуырда 40 отбасы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысып, сатып алған жаңа пəтерлерге көшетін болады. Пәтер кілттерін 29 тамызда Ақтөбе облысының əкімі Бердібек Сапарбаев табыс етті.

"Мемлекетіміздің, ел президентінің саясаты ең алдымен экономикалық өсімді қамтамасыз етуге, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Қазақстанда азаматтардың баспанамен қамтылу құқықтарына кепілдік  бар, және мемлекет аталмыш құқықты жүзеге асыру үшін барлық қажетті шараларды қолдануда. Өткен жылы облыс бойынша 610 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалауға беріліп,  5 мыңға тарта отбасы жаңа пәтерлі болды. Жеті жыл бұрын "Батыс-2" шағын ауданының орны бос жатқан жер болатын, ал бүгінде ол - әрбір екі-үш ай сайын кезекті көпқабатты тұрғын үйді пайдалануға беретін заманауи тұрғын үй алабы. "Нұрлы жер" бағдарламасын жүзеге асыру "Нұр Ақтөбе" тұрғын үй алабында  да белсенді түрде үйлер салуға мүмкіндік береді. Облыс басшылығының атынан сіздерді Конституция күнімен және баспаналы болуларыңызбен құттықтаймын", - деді Бердібек Сапарбаев жаңа қоныстанушыларға қарата айтқан сөзінде.

Айта кету керек, 2017 жылдың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысында кем дегенде 650 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарда бар.

Өңір басшысы сондай-ақ,  негізгі міндеті балалардың ойын және рухани дамыту болып табылатын "Балалық шақтың резиденциясы" баланың  үйлесімді дамуы орталығының ашылу салтанатында да болды. Атап айтқанда, күн сайын мектепке дейінгі 800-ге тарта бала хореография, бейнелеу өнері, ментальдық математика үйірмелеріне, спорттық секцияларға бара алады.

Балалық шақтың резиденциясы жүз адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтыған жаңа көпфункционалды кешенде орналасқан. Сондай-ақ, кешеннің бірінші қабатында қалалық әкімдік пен коммуналдық кәсіпорындар көрсететін мемлекеттік қызметтің барлық түрін ұсынатын  жаңа орталықты орналастыру жоспарда бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу