Ақтөбеде қорапқа салынған нәрестенің мәйіті табылды

500

Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.  

Ақтөбеде қорапқа салынған нәрестенің мәйіті табылды Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Ақтөбеде қорапқа салынған жаңа туған сәбидің мәйіті табылды, деп жазады inbusiness.kz ІІМ-нің Telegram арнасына сілтеме жасап.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, 19 желтоқсан күні сағат 22:05-те полицияға Ғ.Жұбанова көшесіндегі көпқабатты үйдің жанынан қағаз қорапқа салынған сәбидің денесі табылғаны туралы хабар келіп түскен.

"Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберіліп, жаңа туған ер баланың мәйітін анықтады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Ананың жеке басын анықтау үшін жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 100-бабы (Ананың жаңа туған баланы өлтіруі) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу