Ақтөбеде құдыққа құлаған балаға көмектескен оқушы марапатталды

116

Оқушы мен жас жігітке төсбелгіні Ақтөбе облысы ТЖД бастығы Кахарман Оразалин табыс етті. 

Ақтөбеде құдыққа құлаған балаға көмектескен оқушы марапатталды Фото: ҚР ТЖМ

Әлішер Жангереев пен Әли Мырзағали "Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін" төсбелгісін тақты. Бірі құлаған баланы көріп, адамдарды көмекке шақырса, екіншісі құдыққа түсіп, алып шығуға жәрдемдесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Екеуі де ҚР ТЖМ Шыңғыс Әріновтің бұйрығымен "Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін" төсбелгісімен марапатталды.

"Әлішер Жангереев тұрғын үй аумағында жүрген кезде көмекке шақырған дауысты естіп, бірден іздестіру жұмыстарын бастады. Ол құдыққа құлап кеткен баланы тауып алды. Кейін куәгерлерді шақырып, құтқару жұмыстарын ұйымдастырды. №75 мектептің 11-сынып оқушысы Әли Мырзағали құдыққа түсуге келісіп, баланы жоғарыға көтерілуге көмектесті. Әли бүгінде ҚР ТЖМ М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына оқуға түсу үшін құжаттарын тапсырды", – деп хабарлады ҚР ТЖМ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу