Ақтөбеде құны 1,7 млрд теңге болатын жер телімдері мемлекетке қайтарылды

497

Жер учаскелері конкурстық рәсімдер өткізілмей берілген.

Ақтөбеде құны 1,7 млрд теңге болатын жер телімдері мемлекетке қайтарылды Фото: gov.kz

Ақтөбе қаласының прокуратурасы жер заңнамасының сақталуына жүргізілген талдау барысында жер учаскелерін заңсыз беру және заңды күшіне енген сот шешімдерінің орындалмау фактілерін анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сонымен қатар, жалдау шарттары жарамсыз деп танылғаннан кейін жерлерді мемлекетке қайтару бойынша уақтылы шаралар қабылданбаған.

Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде жалпы ауданы 94 гектардан асатын, құны 1,7 млрд теңге болатын жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу