Бүгін Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы, Жарық тұрғын алабында орналасқан құс фабрикасының аумағында өрт шықты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Өрт болған кезде қоймада картон өнімдері болған. Тауықтар мен жұмыртқалар болмаған.
Қызыд жалын 600 шаршы метр аумаққа таралып үлгерген. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жапсарлас салынған қоймаға өрт таралған жоқ.
Өртті сөндіру барысында ғимарат ішінен 2 газ баллон сыртқа шығарылып, жарылыстың алды алынды.
Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу