Ақтөбеде қырылған киіктер саны 108-ге жетті

176

Қазір киіктер түгел өзеннен шығарылып, көмілді.

Ақтөбеде қырылған киіктер саны 108-ге жетті Фото: diapazon.kz

Әйтеке би ауданы аумағындағы Қайрақты өзенінде 108 киік өлексесі табылды. Оның 60-ы аталық, 48-і аналық, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Аталған жерден 10 мың киік өткен. Өзенде қазір су азайған, бірақ терең су қалған. Киік су ішуге келген. Екінші жағы қамыс, содан өте алмай қалған. 10 мың киікті елестетіңіз, бір-бірін таптап тастайды. Біздің болжам, тұжырым осы. Сонымен бірге облыстық экология департаменті судан сынама алды. Ветеринария саласының мамандары да сынама алып, сараптама жүргізіп жатыр. Сараптама қорытындысын қосымша хабарлаймыз. Адам зардап шеккен жоқ. Ол жерде 22 адам, 8 техника жұмыс істеді, – деп мәлімдеді Ақтөбе облысы бойынша орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Әділкерей Әуелбаев.

Оның айтуынша, Ақтөбеде киік саны 300 мыңнан асады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу