Ақтөбеде қысқа сақталған көкөніс арзан бағамен сатылып жатыр

1043

Ақтөбеде қысқа сақталған көкөніс арзан бағамен сатылып жатыр

Ақтөбеде азық-түлік бағасын тұрақтандыру қорының өнімдері әлеуметтік дүкендер мен коммуналдық базарларға молынан шығарыла бастады, деп хабарлайды 24Хабар.

Жалпы, биылғы маусымда қорға 2 мың тоннадан астам азық-түлік сақталған. Қорды толтыру үшін мемлекет қазынасынан 242 млн теңгеден астам қаржы жұмсалды. Халық күнделікті тұтынатын көкөніс, қант, күріш пен жарма түрлері базар бағасына қарағанда 10-15%-ға арзан сатылып жатыр. Қордан шығарылған картоптың бір келісі – 65 теңге. Бұл өзге коммерциялық дүкендермен салыстырғанда екі есеге арзан. Сәбіз 60 теңгеден, қырыққабат 45 теңгеден, ал, пияздың келісі 50 теңгеден сатылып жатыр.

Қор өнімі негізінен қаладағы ең ірі коммуналдық базар сөрелеріне қойылған. Одан бөлек, әр шағынауданда 17 павильон, 5 әлеуметтік дүкен мен 2 шағын базар бар. Мұндай базарларда ет өнімдері де арзан. Себебі шаруалар ауылдан ешқандай делдалсыз әкеліп сатады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу