Ақтөбеде қызанақтар қар аралас қоқыста жатыр

478

Өңірлік экология белсенділері мұны жылыжайдан шыққан қалдықтар дейді. Себебі, бүлінген бау-бақша өнімінен басқа тұқымбасы қалдықтары, минвата секілді заттардың бар екені анықталған. Мұның бәрі қоршаған ортаға өте зиян екенін айтты.

Ақтөбеде қызанақтар қар аралас қоқыста жатыр Фото: inbusiness.kz

"Бұл полигон қаладан шыққан қарды төгуге арналған орын. Сондай-ақ, қоқысқа қызанақты өсірген қалыптар, және тышқандарды улауға арналған қоспалар да бірге келген. Қар еріген соң, ұсақ-түйек қоқысты арнайы компаниялар тазартуы тиіс. Ал мынау болса тау боп үйіліп жатыр. Жылыжай басшылығы қоқысты шығарумен айналысатын компанияның қызметіне жүгінген болу керек. Ал тасымалдаушы компания көкөністерді қоқыс полигонына әкелген. Мен бұл жайтты баяндап экология департаменті мен құзырлы орындарға арыздандым", дейді экобелсенді, "Актобе, дыши" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Евгений Лазарчук.

Жылыжай басшылығы да болған жайттан хабардар болып шықты.

"Қоқыс шығарумен айналысатын мекемемен келісім-шартымыз бар.  Тиеп жіберген қалдықты қайда төгетіні әрі қарай солардың құзырындағы шаруа екенін айтты.  Ал полигонда жатқан көкөніс , жеуге жарамсыз, езіліп кеткен өнім болып шықты", дейді жылыжай басшылығы.

21 қаңтар күні сағат  он бір жарымдар шамасында қалалық қар төгетін полигонға жеке жүк көліктері иелері келіп қоұыс төгіп жатқандығы жөнінде хабар түсті. Біздің кезекші мамандар тоқтатып, номерін суретке түсіріп, 102-ге хабарласып,  учаскелік инспекторды шақырды. 

"Негізі бізде тұрмыстық қалдықтар төгетін арнайы полигон бар. Ол жерде тоннасына 1926 теңге төлеуі тиіс. Сол ақшаны төлемеу үшін  жүргізуші  қар төгетін полгионға төккен.  Полицейлер  әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңның 505 бабы 1 тармағы бойынша қарайтын болады", - деді Ақтөбе қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Ернар Қалауов. 

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жүргізуші мұндай тәртіпсіздікті бірінші рет жасағандықтан  ескерту жасалғанын айтты. Оған жылыжайдан шыққан қалдықтарды жинап, арнайы орынға төгу міндеті жүктелді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу