Ақтөбеде мал қырылды

359

Ойыл ауданында ірі қарадан қарасан шығып, шаруа қожалығына шектеу шаралары енгізілді.  

Ақтөбеде мал қырылды Фото: inbusiness.kz

Ойыл ауданы Көптоғай ауылдық округі Амангелді ауылында орналасқан "Самғат" шаруа қожалығының мүйізді ірі қара малдары арасынан қарасан ауруы анықталған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. Алты бас мал індеттен өліпті. Сынама алынып, қарасан екендігі анықталған соң шаруа қожалығында шектеу шаралары енгізілді.

"Көптоғай ауылдық округі әкімінің шешімімен 17-қарашадан бастап індет шыққан шаруа қожалығы аумағында шектеу жарияланды. Ол 30 күнге созылады. Осы уақыт ішінде сырттан  мал әкелуге, сыртқа мал шығаруға тыйым салынады. Қазіргі уақытта мал өлімі тоқтады. Шаруа қожалығының қора-қопсысын залалсыздандырып, вакциналау шаралары жүріп жатыр", — деді Ақтөбе облыстық ветеринария басқармасының бас маманы Арсланбек Алдияр.

Қарасан шыққан қожалықтың иелігінде 300 бастан астам мүйізді ірі қара мен 500  ұсақ мал бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу