Ақтөбе қаласының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуын тексеру барысында мемлекеттік мүдделерге зиян келтірген бұзушылықтарды анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Анықталғандай, тапсырыс берушілер қалалық инфрақұрылымдық жобалар бойынша шарттық міндеттемелерді орындамаған жосықсыз мердігерлерден шарттарды қамтамасыз ету сомасын және аванстық төлемдерді өндіру жөнінде шаралар қабылдамаған.
Сонымен қатар, лизингтік компаниямен қаланы абаттандыру үшін арнайы техника сатып алуға арналған шартты орындау шеңберінде 556 миллион теңгеден астам сомаға бюджеттік қаражатты артық төлеуге жол беріліп, кейін ол толығымен бюджетке қайтарылды.
Нәтижелері бойынша мемлекет пайдасына 1,3 млрд теңгеден астам өндірілді.
Жалпы, осы жылдың 9 айында облыс прокуратурасы бюджетке 10,1 млрд теңге өндіріп алуды қамтамасыз етті.