Ақтөбеде мемлекеттік қызметшілердің 1 пайызы ғана қазақ тілін жетік біледі

1537

Тілдерді дамыту басқармасының мәліметінше, жыл басынан бері қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтайтын диагностикалық тестілеуден 5 мыңға жуық адам өткен. 

Ақтөбеде мемлекеттік қызметшілердің 1 пайызы ғана қазақ тілін жетік біледі

Жыл басынан бері облыста 900-ге жуық мемлекеттік қызметкер "Қазтест" жүйесіне қатысқан, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Тілдерді дамыту басқармасының мәліметінше, жыл басынан бері қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтайтын диагностикалық тестілеуден 5 мыңға жуық адам өткен. Одан бөлек, жаңа форматтағы онлайн тестілеуді 134 адам тапсырған.

900-ге жуық мемлекеттік қызметкерлердің тест нәтижесі: В1 – 38,2%; С1 – 1,1%.

Айта кетейік, "Қазтестің" нәтижесі 5 деңгей бойынша анықталады. С1 – жоғары; B1 – орта; B2 – ортадан жоғары; А1 – қарапайым; А2 – базалық деңгей.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу