Ақтөбеде мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшылығы жазаланды

Олар 972 млн теңгеге ұшаққа жанармай алмақ болған. 

Ақтөбеде мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшылығы жазаланды

Ақтөбеде мемлекеттік сатып алулар жөніндегі уәкілетті орган өкілдері жазаланды, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Олар арнайы конкурсты өткізу үшін мемлекеттік сатып алу бойынша талапты орындауы тиіс еді. Негізгі құжат бойынша комиссия мүшелері мұндай қызметпен айналысуға Энергетика министрлігінен "рұқсат" алған әлеуетті жеткізушілерді анықтауы керек еді.

"Алайда, конкурстық комиссия тиісті рұқсаты жоқ қатысушылардың бірін  жеңімпаз деп таныған. Прокуратура бұл әрекеттерден шешім қабылдауда заңсыз басымдықтар беру белгілерін көріп, сотқа ұсыныс жолдады. Жиналған материалдар облыстық Әдеп жөніндегі кеңестің алаңында алқалы түрде қаралып, комиссия мүшелерінің мұндай қадамын мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін теріс қылық деп таныды", - деп жазылған прокуратураның хабарламасында.

Нәтижесінде облыс әкімінің 10 тамыздағы өкімімен Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшылығы мен басқа да комиссия мүшелеріне "қызметтік талаптарды толық орындамағаны туралы ескерту" түріндегі жаза қолданылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу