Ақтөбеде мешіт ішінде қызға тиісіп, "бір реттік неке" ұсынған ер адам ұсталды

279

Ақтөбе қаласындағы орталық мешіт ішінде келушіге тиіскен ер адамды полиция бөлімшеге жеткізді.

Ақтөбеде мешіт ішінде қызға тиісіп, "бір реттік неке" ұсынған ер адам ұсталды Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Оқиға 25 шілде күні Ақтөбе қаласындағы "Нұр Ғасыр" мешітінде болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Шығаберіс есік алдында ер адам келуші қыздың жолын бөгеп, әдепсіз астары бар сөздер айтқан. Аталған оқиғаны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялады.

– Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Ер адамның кім екені анықталды. Мән-жайды анықтау үшін ол ішкі істер органдарына жеткізілді. Құқықбұзушыға түсіндіру жұмысы жүргізілді. ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 449-бабы 2-бөлігіне (Қоғамдық орында тиісу) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Материал сотқа жіберіледі, деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу