Мұғалім Темір ауданы Еңбекші ауылындағы мектеп-балабақшаға бір жыл бұрын ғана ауысып барған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқиға Ақтөбе облысы Темір ауданы Еңбекші ауылында болды.
– Темір аудандық полиция бөлімі 2002 жылы туған азаматтың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталатын болады. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, – деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.
Ал Ақтөбе облыстық білім басқармасының хабарлауынша, жас маман былтыр ғана мектеп-балабақшаға ауысып, тарих пәнінен сабақ берді.
– Ол тарих пәнінің мұғалімі. Еңбек жолын Маржанбұлақ ауылынан бастаған. 2025 жылдың ақпанынан бастап Еңбекші мектеп-бақшасында жұмыс істеді. Жұмысын жауапкершілікпен атқарды, басшылық тарапынан ескертулер болмады, – деп хабарлады Ақтөбе облыстық білім басқармасы. Мұғалімнің денесі ауылда өзі тұратын үйден табылған.