Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі жандар күніне арналған "Парасатты өмір" форумы өтті

2000

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше бүгінде өңірде 25 мыңнан аса мүгедек тұрады, олардың 3 мыңнан астамы балалар. 

Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі жандар күніне арналған "Парасатты өмір" форумы өтті

Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі жандар күніне арналған "Парасатты өмір" өңірлік форумы өтті. Бұл мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселелерімен айналысатын ұйымдардың жұмыстарын қорытындылайтын жыл сайынғы шара, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Қоғамдық ұйымдар өңірде аталмыш бағытта атқарылып жатқан ауқымды қызметтер жайында айтып берді.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мемлекет пен қоғамның бар күші мүмкіндігі шектеулі жандарға барлық жағдай жасау үшін бағытталуы керек екенін атап өтті. Сондықтан, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың жұмысында мүгедектерге қандай да бір мамандық алуға мүмкіндік беретін жобалар мен бағыттарға басымдық беріледі. Мәселен, әкімнің сөзінше қазіргі таңда мүгедектерді массаж жасаушы мамандығынан басқа тіс дәрігері мамандығына да оқытып жатыр.

Ол сондай-ақ, кәсіпорындар мен түрлі компания басшыларымен олар мүгедектерге бос жұмыс орындарын бөлу туралы заң талабына қарсы келмеулері үшін жұмыстар жүргізіліп жатқандығын атап өтті. Әлеуметтік жауапкершілік танытып, халықтың осы санатына жұмыс орындарын ашқандарды мысалға алды. Әкімнің мәліметінше, биыл мүмкіндігі шектеулі 800 адам жұмысқа орналасқан.

Форум кезінде мүгедектігі бар азаматтарды қорғауға бағытталған қозғалысқа үлкен үлес қосып, мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы көпжылдық еңбегі мен белсенді өмірлік ұстанымы үшін үкіметтік емес бес ұйымның басшылары облыс әкімі атынан марапатталды. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі ең белсенді он ақтөбелік алғыс хаттар алды.

"Инватакси" көлік қызметін дамыту мақсатында "Халық" қайырымдылық қоры Халық банкімен бірлесе азаматтарды қорғау қоғамының төрайымы Құралай Бәйменоваға шағын автобустың кілтін табыс етті. "ГАЗ 32212" маркалы автомобилі арбаға таңылған мүгедек жандарды тасымалдауға арналған және Ақтөбе қаласына қызмет көрсетеді, сонымен қатар, Қарғалы, Ақжар, Жаңақоныс және Құрашасай ауылдарына қатынайтын болады.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше бүгінде өңірде 25 мыңнан аса мүгедек тұрады, олардың 3 мыңнан астамы балалар. Халықтың осы санатының түрлі қажеттіліктері үшін, соның ішінде техникалық қосалқы құралдарды сатып алуға, шипажайда емделуге және тағы да басқалар үшін 2018 жылы бюджеттен 1,8 миллиард теңге бөлінген. Түрлі үкіметтік емес ұйымдар мүгедектерді оңалтуға және тұрмысын жақсарту үшін неше түрлі қызметтерді белсенді көрсетуде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу