Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі жандарға 50 мың теңге төленбек

824

Бұл қаражат келесі аптадан бастап беріледі 

Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі жандарға 50 мың теңге төленбек

Ақтөбе қаласында мүмкіндігі шектеулі жандарға мүгедектер күніне орай 50 мың теңгеден берілмек. Бұған дейін олар 40 мың теңгеден алып келген, биыл қалалық мәслихат депутаттары біржолғы төлемақыны көбейтіпті. 

"Қалада түрлі категория бойынша есептегенде 12500 мүгедек тұрады, оның 2166-сы балалар. Біз төлемақыны 12 қазаннан бастап бере бастаймыз. Айдың соңына дейін аударып бітеміз",  дейді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығы жетекшісінің орынбасары Гүлмира Сүлейменова.

Бұдан бөлек, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің елдің бірқатар облысында қарттар күніне орай 216,7 мың зейнеткерге 2,3 млрд теңгеге бір реттік материалдық көмек беріледі деген мәлімдемесінен кейін тиесілі мекемелерді мазалағандар саны да артыпты.

Нақтылай кетсек, көмек алуға тиіс облыстардың қатарында Ақтөбе облысы да аталған болатын. 

"Мәлемдемеде 216,7 мың адам деп айтылған, ал тек қана Ақтөбе облысының өзінде 93 мың зейнеткер бар. Бюджетте қарияларға ақша беру қарастырылмаған, ондай бап бұған дейін де болған емес. Бірақ бұл олар ескерусіз қалады дегенді білдірмейді",  дейді жұмыспен қамтуты үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бұлбұл Елеусінова.   

Қазіргі күні облыста жасы жүзден асқан 12 қария бар, жасы 70-тен асқандар жалпы зейнеткерлердің 40 пайызын құрайды. Аймақ және қала басшылығы жүзден астам зейнеткерге қаржылай, азық-түлікпен және жөндеу жұмыстарына көмектеспек.

Сондай-ақ, өңірдегі компаниялар мен мекемелер де қарт кісілерді қамқорлығына алуды міндетіне алған. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу