Ақтөбеде мұнай ұрлап сатумен айналысқан тұрғынға сот үкімі шықты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Күдікті бір жыл бұрын кәсіпорын аумағынан 16 тоннаға жуық мұнайды заңсыз алып өтпек болған. Сұйық отынды тасымалдау үшін тіркемесімен бірге "Камаз" маркалы автокөлікті жалдаған.
Сотта айыпталушының кінәсі толықтай дәлелденіп, оған 200 мың теңге айыппұл салынды.
Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің мамандары қауіпті қалдықтарды өңдеуге қатысты да заң бұзушылықты әшкереледі.
Жеке кәсіпкер сыбайластарымен бірге қолданылған май қалдықтары мен мұнай шламдарын ешқандай құжатсыз кәдеге жаратып келген. Алдын ала деректер бойынша, өнімді заңсыз өткізу айналымының жалпы көлемі 800 млн теңгеден асты.