Ақтөбеде офицер қалыңдығына ерекше ұсыныс жасады

362

​Күйеу жігіт өміріндегі маңызды шешімді диплом алу салтанаты кезінде жасауды ұйғарыпты.

Ақтөбеде офицер қалыңдығына ерекше ұсыныс жасады Фото: inbusiness.kz

Дүйім жұрттың алдында үйленуге сөз салған офицер – Бекзат Маратов. Ол  Ақтөбедегі Кеңес Одағының екі мәрте батыры Т.Бигелдинов атындағы әуе қорғаныс күштері әскери институтын тәмамдап жатыр. Мамандығы – ұшқыш.

Дүйім жұрттың алдында аппақ көйлек киген Диана ұсынысты қабыл алып, келісімін берді. Қалыңдық Қ.Жұбанов атындағы өңірлік университетінде оқиды.

Жастар би кешінде танысып, екі жыл кездесіпті. Екеуі де Ақтөбе қаласында тұрады. Жас жұбайлар той күнін де белгілеп үлгерген.

Биыл әскери институтты  90 офицер тәмамдады. Оның ішінде 35 офицер ұшқыш, ал қалғандары  инженер мамандығын алып шықты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу