Ақтөбеде оқушылар 4 мың асықтан киіз үй макетін жасады

363

Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары оған екі апта уақыт жұмсаған.  

Ақтөбеде оқушылар 4 мың асықтан киіз үй макетін жасады Фото: Аманжол Айтмағамбетов

Олар осылайша "Туған елге тағзым" атты зерттеу экспедициясына ерекше жоба әзірлеп, 4 мың асықтан киіз үйдің макетін жасап шыққан, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жобаға Ақтөбемен қатар Астана, Өскемен және Тараз қалаларындағы зияткерлік мектептердің оқушылары қатысты. Биылғы экспедиция ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналды.

Мектеп директоры Қайырбек Сәбитұлының айтуынша, жобаға алдын ала дайындық жүргізілген.

"Оқушыларға асық жинап әкелуді өтіндік, себебі 4 мың асықты табу оңай емес. Ақтөбелік балалар алдын ала картоннан киіз үйдің сұлбасын жасап қойды, ал өзге өңірден келген оқушылар асықтарды желіммен жабыстырды. Макеттің салмағы – 15 келі, диаметрі – 1 метр, биіктігі – 80 сантиметр. Ең бастысы, жоба экологиялық таза материалдармен жасалды. Бұл арқылы балаларға табиғатты қорғау мен ұлттық құндылықтарды құрметтеуді үйретуді көздедік", – деді ол.

Директордың айтуынша, оқушылар бүгінде асық ойнауға да ерекше қызығушылық танытады.

Үзіліс пен бос уақыттарында олар ұлттық ойын түрлерімен айналысып, дәстүрді жаңғыртуға атсалысып жүр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу