Ақтөбеде "омикрон" штамы анықталды

1318

Өңірде бір тәулікте 30 адам "омикрон" штамын жұқтырған.  

Ақтөбеде "омикрон" штамы анықталды

Ақтөбе өңірінде эпидемиологиялық ахуал күрт нашарлады. Бұл туралы облыс әкімі Оңдасын Оразалин айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оның айтуынша, елдегі тәртіпсіздіктерге дейін облыста коронавирус жұқтырудың 1-2 дерегі ғана тіркелген.

"Тіпті кейде тіркелмейтін. Соңғы тәулікте вирус жұқтырудың шамамен 70 дерегі тіркелді. Біздегі ақпарат сәйкес, оның 30-ы "омикрон" штамын жұқтырған", - деді Оңдасын Оразалин "Хабар 24" телеарнасының эфирінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу