Ақтөбеде өнеркәсіп өнімдерінің бағасы 2,7 пайызға қымбаттады

852

Ақтөбеде өнеркәсіп өнімдерінің бағасы 2,7 пайызға қымбаттады

Ақтөбе облысында өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімдерінің бағасы 2,7%-ға қымбаттады, деп хабарлайды ҚР ҰЭМ статистика комитеті.

2017 жылғы қазанда өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорын бағалары өткен аймен салыстырғанда 2,7%-ға қымбаттады.
Өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағасы кен өндіру өнеркәсібінде – 3,1%-ға, өңдеу өнеркәсібінде – 2,4%-ға, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 0,2%-ға қымбаттады.
2017 жылғы қазанда өткен аймен салыстырғанда баға хром рудасына 19,9%-ға, ферросилиций – 8,6%-ға, пропан және сұйытылған бутан – 4,9%-ға, шикі мұнай – 4,2%-ға, металдан жасалған кеңсе жиһазы – 3,7%-ға, құрылыс қоспаларына - 2,1%-ға,  табиғи құмға 1,5%-ға көтерілді. Тамақ өнеркәсібінде бағаның араққа – 11,9%, шошқа етіне – 9,6% қымбаттағаны белгіленді.
Сол кезеңде баға натрий бихроматына – 3,1%, металл құрамалары мен олардың бөліктеріне – 1,2% арзандады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу